Басты бет Қоғам Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккендерге 30 мың теңгеден жәрдемақы берілді

Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккендерге 30 мың теңгеден жәрдемақы берілді

Тасқын су келген кезде барлығы 1200 адам арнайы эвакуациялық пункті бар жеті мектепке орналастырылған еді. Судың беті қайтқан соң, олар үйлеріне тарап жатыр.

«Сенбі күні халық үйлеріне тарады. Судың беті қайтқан соң. Мүгедек баласы бар екі отбасыға қалалық әкімдік пәтер жалдап берген. Ал, кейбірі туыстарына кетті»,-дейді №15 мектеп директорының орынбасары Аққали Балғалиев.

Кейбір тұрғындардың барар жері жоқ, себебі үйлері тұруға жарамсыз. Сондай 110 отбасыға Ақтөбе қаласы әкімдігі жанынан құрылған комиссия пәтер жалдауға 30 мың теңгеден берген. Алайда, тұрғындарды «бір айдан соң қайда барамыз» деген ой мазалайды.

«Үйіміз суға кеткен соң №10 орта мектепке орналастық. Комиссия мүшелері үйімізді көруге келген жоқ. Тек қалалық жер қатынастары бөлімінен «жер кезегінде тұрсыңдар ма?» деп келіп кеткен. Қазір үйімнің жағдайы мүлдем нашар. Адам тұруға келмейді. Мойынымызда несиеміз бар. Қашан келіп, шығынды есептейтіндері әлі белгісіз»,-дейді Айсәуле Дәулетқалиева.

7 мобильдік топ 1800-ден астам үйді аралап үлгерген. 77 баспананың қирағандығы анықталды. Ал, қалғандарын жөндеу қажет.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version