Жыл басынан бері «Жолаушылар тасымалы» АҚ қызметкерлері көліктік полициямен бірлесіп, пойыздардағы қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 117 жолаушыны түсірген.
Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22%-ке төмен.
Теміржол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүкбагажды және пошта жөнелтілімдерін тасымалдау ережелеріне сәйкес, жолаушыны келесі жағдайларда пойыздан түсіреді:
- Егер жолаушы алкоголь немесе есірткі әсерінен мас күйде болып, өз іс-әрекеттерімен қауіп төндіріп немесе басқа жолаушыларға қолайсыздық келтірсе.
- Егер жолаушы вагонның ішіндн темекі шексе.
- Егер жолаушы жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсетуден бас тартып, пойыз билеті болмаған жағдайда.
- Егер жолаушы басқа жолаушыларға немесе пойыз қызметкерлеріне қатысты агрессивті әрекет жасаса.
- Егер жолаушы өзімен бірге айналасындағыларға қауіп төндіретін тыйым салынған заттар немесе жүктер алып жүрсе.