Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 478-482 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 30 қыркүйекке арналған ресми бағамы — 1 долларға 479,23 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,16 теңге. Еуро — 534,96.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 478,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 480,5 теңге. Еуро 533,5—537,5 теңге аралығында құбылып тұр. Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 478 теңге, сатып алу құны — 482 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,15-5,17 аралығында саудаланып жатыр.