Қазақстандықтар Мароккоға визасыз бара алады. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Қазақстан және Марокко азаматтарынан екі елдің аумағына кіру, шығу, транзитпен өту және уақытша болу үшін виза талап етілмейді. Дегенмен визасыз жүру мерзімі жарты жыл ішінде бір айдан аспауы тиіс, – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Марокко Қазақстан биыл екі жақты визасыз режим орнатқан төртінші ел.