#ГидПоКазахстану жобасы бойынша өткен шығармашылық бейнероликтер байқауының қорытындысы жарияланды. Қолданушылар еліміздің көрікті жерлерінен, бірегей орындарынан тамаша кадрлар жариялап, ел бойынша саяхаттар туралы 24 мыңнан астам ролик жүктеген.
TikTok қолданушыларына байқауға қатысу үшін үш тақырыптың бірі — қызық орындар, тамақ және мәдениет бойынша ұзақтығы 1 минуттан астам видео жариялау қажет болған. #ГидПоКазахстану хэштегін және өз өңірінің хэштегін қолдану міндетті еді. Қатысушылар биік таулар мен даладан бастап мәдени көрікті жерлер мен заманауи арт-объектілерге дейін қызық бейнероликтер түсірді. Жоба аясында Қазақстан бойынша саяхат туралы 24 мыңнан астам бейнеролик жарияланған. Видеосы ең көп қаралған, пікір жазылған және ұнатқан ең креатив видео түсірген үш жеңімпаз анықталды.
Бас жүлде және бірінші орынды @travelove100 аккаунтының авторы жеңіп алып, Rixos Water World Aktau қонақ үйінде үш күн демалуға болатын сертификат берілді. Ол Арал теңізінің балықшылары туралы ролик түсірген. Автор тор салу процесінің қалай жүріп жатқанын, қандай балықтарды аулауға болатынын, балықшылардың қандай қиындықтарға тап болатынын көрсеткен.
Екінші орынды креатор @zhuldyz_rakhmet алды. Ол Қазақстанның ең биік сарқырамасы – Бұрқанбұлақ орналасқан Қора шатқалы туралы айтып берген еді. Оның төрт каскадының жалпы биіктігі — 168 метр. Креатор бейнеролигінде сарқырамаға дейінгі егжей-тегжейлі бағыттарды көрсеткен. Ел табиғатының әдемі кадрларын тәжірибелі туристің пікірлерін қосып айтып берііп отырған. Бойжеткен сыйлық ретінде Түркістандағы Karavansaray қонақ үйінде демалуға жолдама алады.
Үшінші орынды және Шымбұлақ тау курортына екі ски-пасс түріндегі жүлдені @baxacooking аккаунтының авторы иеленд. Ол Қазақстандағы сазаннан жасалған әйгілі көкталдың рецептін жариялаған. Көктал – балық пісірудің дәстүрлі қазақша тәсілі. Асты көктал дейтіні де тегін емес. Себебі бастапқыда балықты талдың бұтақтарына төсеп немесе байлап, ыстаған. Бүгіндеотта арнайы қуыратын тұтқалы таба болмаса, бұл тағам пеште де пісіріледі.