Қазгидромет 26 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.
Елдің басым бөлігінде күн суық болады. Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей ауданда қатты жаңбыр жауады деп болжанды.
Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын–шашын, кейде жаңбыр аралас қар жауады. Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде 2 градус аяз түседі.