Басты бетЖаңалықтарAlmaty Management University студентінің мәйіті табылды

Almaty Management University студентінің мәйіті табылды

Almaty Management University студентінің мәйіті табылды. Бұл ақпаратты университет растады.

Almaty Management University университетімізде студенттің қазаға ұшырағанын қайғырып хабарлайды. Қайғылы оқиғаның себебі мен мән-жайын қазір құқық қорғау органдары анықтап жатыр, – делінген хабарламада.

Оқу орны таратқан хабарламада оқиға қай күні болғаны айтылмаған. Университет ақпарат құралдарынан тексерілмеген ақпарат таратпауды өтінген.