2024 жылы 12 325 қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Олар елдің түрлі өңіріне қоныстанды, қандастарды қоныстандыру бойынша еңбек күші тапшы өңірлер анықталды. Олар – Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары, – делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметіне қарағанда, қандастардың 45,6 пайызы Қытайдан, 39,2 пайызы Өзбекстаннан, 5,5 пайызы Түркіменстаннан, 5,4 пайызы Моңғолиядан, 3,1 пайызы Ресейден және 1,2 пайызы өзге де елдерден келген.