Елімізде 42 жаңа су қоймасын салу жоспарланып жатыр. Бұл туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов айтты.
Тасқын суды жинау және қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ету үшін министрлік 2,6 млрд текше метр су сақтай алатын 42 жаңа су қоймасын салуды, жалпы жобалық көлемі 3,7 млрд текше метр болатын 37 су қоймасы мен 14,5 мың шақырым ирригациялық каналды реконструкциялауды жоспарлап отыр, – деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, биыл Түркістан облысында 2 су қоймасының құрылысы басталды. Ақтөбе, Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарында 3 су қоймасы кешенді реконструкциядан өтіп жатыр.