Басты бетPush«Алтыналмас» кен...

«Алтыналмас» кен орнында үйінді астында қалған ер адамның мәйіті табылды

«Алтыналмас» кен орнында үйінді астында қалған ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы компанияның ресми сайты хабарлады.

«Алтыналмас» кен орнында үйінді астында қалған жұмысшы Нұрдәулет Нұрмахановтың мәйіті табылды. Нұрдәулет Нұрмаханов «Алтыналмас» компаниясында 2012 жылдан бері жұмыс істеген, – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 18 қыркүйекте Жамбыл облысындағы «Алтыналмас» кен орнында жұмысшы үйінді астында қалып қалған. Арнайы комиссия оқиғаның мән-жайы мен себебін анықтап жатыр.