Басты бетPushБүгін еліміздің...

Бүгін еліміздің 6 қаласында ауа ластанады

19 қыркүйекте күндіз төрт қаланың, түнде екі қаланың ауасы ластанады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлап отыр.

2024 жылғы 19 қыркүйекте Петропавл, Өскемен, Ақтөбе, Алматы, түнде Қостанай және Астана қалаларында ауа ластанады, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.