Басты бетPushҚазақстан электронды...

Қазақстан электронды үкімет бойынша әлемдік рейтиңде 24-орында тұр

Қазақстан 2024 жылғы UN E-Government Survey есебіне сәйкес, электронды үкіметті дамыту бойынша әлемдік рейтиңде 24-орынға шыққан. Сөйтіп өткен есеппен салыстырғанда позициясын төрт сатыға көтерген. Бұл туралы ЦДИАӨМ хабарлап отыр.

2024 жылғы рейтиң 2022-2023 жылдары жиналған деректерге негізделіп, БҰҰ-ның 193 мүше мемлекетін бағалайды. Бұл — Қазақстанның БҰҰ рейтиңіне қатысқаннан бергі ең үздік көрсеткіштердің бірі.

Рейтиңде БҰҰ сарапшылары электронды қызметтердің дамуын, адам капиталын және телекоммуникациялық инфрақұрылымды бағалайды.

Бұл — біздің цифрландырудағы және тиімді мемлекеттік басқаруға қол жеткізудегі жетістіктерімізді көрсететін маңызды көрсеткіш. БҰҰ рейтиңі екі жылда бір рет жасалады және ол 193 елді бағалап, электронды қызметтердің дамуы, адам капиталы мен телекоммуникациялық инфрақұрылым сияқты негізгі аспектілерді ескереді. Бұл жетістік — бірлескен жұмыстың нәтижесі. Біз қызметтерді Қазақстанның әр заматы үшін қолжетімді, қауіпсіз және инновациялық ету үшін жұмысты жалғастыра береміз, — деді цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев.