18 қыркүйекте Петропавл, Өскемен, Риддер, түнде Астана қалаларында ауа ластанады. Бұл туралы Қазгидромет хабарлап отыр.
Бұл қалаларда метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы осы қалалар бойынша ауаның ластану деңгейі жоғары болады деп болжанып отыр.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.