Маңғыстау облысындағы Ұлттық спорт түрлері орталығының бас есепшісі 2018-2023 жылдар аралығында 117 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын заңсыз иемденгені анықталды. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлап отыр.
Бұл фактіні облыс прокуратурасы тергеп, қылмыстық іс ҚК-тің 371-бабының 2-бөлігі (салғырттық) және 189-бабы 4-бөлігімен (жымқыру) сотқа жолданды, — делінген хабарламада.
Сот үкімі бойынша, мекеме басшысы өз мiндетiн тиісінше атқармау фактісі бойынша кінәлі деп танылып, «ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заңға сәйкес қылмыстық жазадан босатылған. Ал бас есепші бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 7 жыл бас ботандығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.