Газды, тәтті сулар мен жеміс шырындарын шамадан тыс көп ішу жадының нашарлауына, мидың, оның ішінде жады орталығының көлеміне әсер етеді. Бұны Бостон университетінің ғалымдары анықтаған.
Зерттеу нәтижелері бойынша тәтті сусындарды ішу мен ми атрофиясы арасындағы байланыс анықталған. Ол бойынша ми тамырларының бітелуі мен инсульт қаупі үш есе, сондай-ақ қарттық алжудың даму мүмкіндігі де арта түседі екен.