2024 жылғы II тоқсанда қала тұрғындарының бір адамға шаққандағы бос уақытты өткізу және мәдени қызметтерге жұмсаған орташа шығыны 8,6 мың теңге болған. Бұл Қазақстан бойынша орташа деңгейден 2,4 есе көп. Бұл туралы Бірінші кредиттік бюро хабарлап отыр.
Қарағанды облысында да шамамен осындай көрсеткіш (8,6 мың тг), ал алматылық азаматтар Астана тұрғындарын көрсеткіш бойынша төрттен біріне басып озып отыр: елордада жан басына шаққандағы орташа шығын — 7 мың тг. Ал Абай облысының тұрғындары бос уақытында бәрінен азырақ шығындалған – бір адамға небәрі 916 тг.
Алматы тұрғындары ойын-сауыққа ғана емес, денсаулыққа да көп шығындалады. Сәуір-маусым айларында денсаулық сақтау қызметтеріне жұмсалған шығын жан басына шаққанда 8,1 мың тг болған. Бұл да ҚР бойынша орташа деңгейден екі есе көп болды. Алматы халқынан кейінгі орындарда ШҚО мен Астана тұрғындары тұр (әрқайсында 5,5 мың тг). Ал медицинаға бәрінен азырақ шығындалған — Шымкент тұрғындары (1,7 мың тг).