Qazaq Air әуе компаниясының Алматы-Тараз бағытындағы рейсі ашылды

QAZAQ AIR әуе компаниясы 2017 жылдың 5 мамырынан бастап, Алматы-Тараз-Алматы бағытында тұрақты рейсін енгізеді. Билет құны - 12 041 теңге.

Фото: 24.kz

Әуе компаниясының баспасөз қызметі «Енді аптасына екі рет, жұма және жексенбі күндері Алматы тұрғындары Қазақстанның ең көне қалаларының бірі — Таразға «Bombardier Q400 NextGen» ұшағымен саяхаттай алады», деп хабарлайды.

Ұшу ұзақтығы — 55 минут.

«QAZAQ AIR» — Қазақстанның ішкі өңірлеріне жолаушылар тасымалдайтын әуе компаниясы. Оның 100 пайыз акциясы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл ауқат қоры» ҰК-ға тиесілі.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version