Елорданың айналма жолында көлік қозғалысына тыйым салынады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» хабарлады.
Орташа жөндеу жұмыстарына байланысты Р-10 «Астана айналма жолы» автожолының 30-36 шақырымы учаскесінде қозғалысқа шектеу қойылады.
Акционерлік қоғам таратқан мәлімет бойынша, 2024 жылғы 14 қыркүйектен 1 қазанға дейінгі аралықта «Астана айналма жолы» автомобиль жолының 30-36 шақырымы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.