Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда доллар...

Қазақстанда доллар бағамы қайта түсті

12 қыркүйекте Қазақстандағы сауда-саттықта доллардың бағамы белгіленді.

KASE Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 477,13 теңгені құрап, 0,49 теңгеге төмендеді.

Ұлттық банктің 12 қыркүйектегі ресми бағамы бір доллар үшін 477,62 теңгені құрайды.

Kurs.kz. деректері бойынша осы сәтте Алматының айырбастаушыларында долларды сатып алу орташа бағамы 477,52 теңгеге, сату — 479,20 теңгеге тең.

Астана айырбастаушыларында америкалық валютаны орта есеппен 476,76 теңгеден сатып алады, 480,75 теңгеден сатады.