Алдағы республикалық бюджетке ұлттық спорт орталығының құрылысы енгізілді. Бұл туралы қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы мәлімдеді.
Бүгін мәжілісте 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет қаралды.
Оған сәйкес, келесі жылы бюджеттің шығыстары 25,8 триллион теңге болады. Бұл биылғы шығындармен салыстырғанда 1,7 триллион теңгеге артық.
Соның басым бөлігі — әлеуметтік төлем, шәкіртақы, ғылыми атақтарға берілетін ақы мен денсаулық саласына кететін шығыс.
Келесі басым бағытымыз — туризм мен спортты дамыту. Бұл бағытта 2025 жылы 141 млрд теңге жоспарланып отыр. Оның ішінде жоғары жетістіктер спортын дамытуға, атап өтетін болсақ, ұлттық спорт орталығын салуға 62 млрд теңге қарастырылған, — деді Абзал Бейсенбекұлы.
Бұдан бөлек, спорттағы дарынды балаларды оқыту мен тәрбиелеуге қаржы бөлінеді.