Басты бетЖаңалықтарЕлордада бірнеше автобустың маршруты өзгерді

Елордада бірнеше автобустың маршруты өзгерді

City Transportation Systems компаниясы жөндеу жұмысына байланысты бірнеше автобустың бағдарына өзгеріс енгенін хабарлады.

Ведомство мәліметінше, жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 35, 36, 45, 62 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерген.

Ауысқан қозғалыс схемасымен мына сілтемеден қарап таныс бола аласыздар.

Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, — деп ескертеді City Transportation Systems баспасөз қызметінен.