Басты бетЖаңалықтарБірқатар өңірде...

Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК синоптиктері еліміздің өңірлерінде 12 қыркүйек күні болатын ауа райы болжамын жариялады.

Кәсіпорын таратқан деректерге қарағанда, баяу жылжитын антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде күн негізінен жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің шығысында фронталды бөліктер әсерінен жаңбыр жауатын болады. Респубика бойынша жел күшейіп, елдің батысы мен оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады, солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-шығысында түнгі және таңғы сағаттарда тұман түседі.

Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, Ақтөбе облысында жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының шығысында, Алматы облысының орталығында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, Ақтөбе облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.