Басты бетЖаңалықтарЖалпыға бірдей...

Жалпыға бірдей декларация тапсыру мерзімі ұзартылды

250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларация тапсыру мерзімі демалыс күніне байланысты 16 қыркүйекке дейін ұзартылды.

Биыл 250.00 және 270.00 нысандары бойынша декларация тапсыру мерзімі 15 қыркүйекке тура келді, алайда бұл күн демалыс болғандықтан, мерзім автоматты түрде келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Осылайша, салық төлеушілер өз декларацияларын 2024 жылғы 16 қыркүйекке дейін тапсыруға тиіс, — делінген Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сонымен қатар ведомство қолжетімді электрон қызметтерді еске салды, олардың көмегімен салық міндеттемелерін жылдам әрі кезексіз орындауға болады. Олардың арасында:

  • «Салық төлеушілер кабинеті» (cabinet.kgd.gov.kz);
  • Электрондық үкімет порталы (egov.kz);
  • e-Salyq Azamat және eGov mobile мобайл қолданбасы;
  • Банк қолданбасы.

Салық міндеттемелерін уақтылы орындау айыппұл санкцияларын болдырмауға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.