Бұл екеуі 7 мамырда өтетін екінші турға қатысады.
Сайлау қарсаңында жүргізілген сауалнама бойынша, екінші турға өтуге төрт үміткердің мүмкіндігі болды. Олар — «Алға!» тәуелсіз қозғалысының үміткері Эмманюэль Макрон, «Ұлттық майдан» оңшыл популистік партиясының жетекшісі Марин Ле Пен, «Республикашылдар» партиясының өкілі Франсуа Фийон және «Жеңілмеген Франция» солшыл қозғалысының жетекшісі Жан-Люк Меланшон.
Сайлау күні қалалардың қауіпсіздігін құқыққорғау органдарының 50 мыңға жуық қызметкері қадағалады.
Бақылаушылар Франциядағы президенттік сайлау нәтижелерінің маңызды екенін атап көрсетті. Франция — БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшесі, Еуроодақ пен НАТО-ның жетекші елдерінің бірі, экономикасы бойынша әлемдегі бесінші мемлекет.