«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 10 қыркүйекте болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.
Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен ҚР басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек елдің солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады, оңтүстік өңірлерде – найзағай, таулы аудандарда түнгі және таңертеңгі сағаттарда – жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады.
ҚР бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман, ҚР-ның батысында, оңтүстік–шығысында желдің күшеюі күтіледі.
Ұлытау облысында, Жетісу облысының батысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, оңтүстігінде, батысында, Ақтөбе облысының орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, орталығында, Шығыс-Қазақстан облысының батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.