Бүктемелі Galaxy Z Flip6 арқылы айрықша әсерлі контентті қалай жасауға болады?

Сіздің қолыңызда икемді сөзінің барлық мағынасындағы гаджет болғандықтан, енді бәрі жеңіл әрі оңай! Samsung компаниясы шілде айында ұсынған Galaxy AI қолдауымен Galaxy Z Flip 6 бүктемелі смартфоны PRO деңгейіндегі фото және бейнеконтент шығарады. Кейде тіпті қолданатын адамның қатысуынсыз – өз бетінше жасайды.

Galaxy Z Flip6 жаңа матрицаларының (кең бұрышты 50МП және ультра кең бұрышты 12 МП) арқасында кез келген жағдайда — көрнекті орындардың фонында селфи жасай отыра, демалыста немесе оттың қасындағы түнгі жайлы кешті суретке түсіргенде, жоғары сапалы фотолар жасай аласыз. Екі есе оптикалық зумда нысанды 10 есе жақындатуға дейін арттыруға болады.

Жалпы Galaxy Z Flip6-мен фото және видеотүсірілім – өзі бір ғанибет іс.

Samsung Galaxy Z Flip6
Фото: Samsung

Мысалы, достарыңызбен демалып жүргенде Galaxy Z Flip 6 артқы камерасы арқылы көңілді селфи жасау оңай. Бүктелген кезде бүйіріндегі түймені екі рет басыңыз немесе FlexWindow құрылғысындағы камера белгішесін саусағыңызбен сырғытыңыз. Ал «Портрет» функциясы селфиіңізді түрлендіріп жібереді!

Қолды босату керек па? Мәселе емес! Galaxy Z Flip6 ашыңыз, FlexMode тәртібіне ауысыңыз да, оны журнал үстелшесіне немесе басқа тегіс бетке қойыңыз. Батырманы баспай-ақ селфи жасау үшін дауыс пәрменін қолданыңыз.

Оған қоса Galaxy Z Flip6-ны FlexMode тәртібінде тегіс бетке қойыңыз және камераның алдында тұрыңыз — Auto Zoom денеңізді тану және және кадрлауды автоматты түрде түзеу арқылы сізді толығымен түсіріп алады. Селфи немесе топтық түсірілім жасау үшін енді штатив қолданудың немесе зумды қолмен икемдеудің қажеті жоқ.

Samsung Galaxy Z Flip6
Фото: Samsung

Galaxy Z Flip6 икемді форм-факторы контентті әртүрлі қырдан жасауға мүмкіндік береді. Гаджетті ретро бейнекамера ретінде пайдаланыңыз және жағажайдағы отбасыңыздың бір күні туралы видео түсіріңіз. Түсіріп жатқанда кенет құмда итіңізбен қуаласа бастасаңыз, онда зум және автостабилизация функциясын тегіс басқарудың арқасында керемет  видео шығатынан сенімді болыңыз.

Galaxy Z Flip6 жарық аз ортада жарқын сурет пен видео түсіруге шамасы керемет келеді. HDR бейнелерімен толықтырылған түнгі түсірілім қызметі қараңғыда да жарқын бейнелер түсіруге мүмкіндік береді және түрлі танымал әлеуметтік медиа қолданбаларда ұстайды. Түнгі түсірілім мүмкіндігі енді Instagram қолданбасында да бар, сондықтан түнде керемет фотосуреттер түсіріп, оларды тікелей бағдарламадан жіберіп немесе бөлісе аласыз.

Samsung Galaxy Z Flip6
Фото: Samsung

Қысқасы, камера — Galaxy Z Flip үшін маңызды элемент және солай болып қала береді. Енді ол Galaxy AI технологиясының қолдауы арқылы өнімділігі қуатты екенімен мақтана алады. Бұл қымбат сәттерді өзіңіз қалай сезінсеңіз, дәл солай сақтауға мүмкіндік береді!