Парижде өткен паралимпиада ойындары аяқталды. Қазақстан құрамасы 39 орынға тұрақтады.
XVII жазғы паралимпиада ойындарында топ жарған Қазақстан құрамасының спортшылары:
Алтын. Давид Дегтярев (пара пауэрлифтинг);
Алтын. Ақмарал Науатбек (пара дзюдо);
Күміс. Еркін Ғаббасов (пара оқ ату);
Күміс. Нұрдәулет Жұмағали (пара жүзу);
Күміс. Ерғали Шамей (пара дзюдо);
Қола. Дастан Мұқашбеков (пара жеңіл атлетика);
Қола. Даяна Федосова (пара дзюдо);
Қола. Зарина Раифова (пара дзюдо);
Қола. Жұрқамырза Шүкірбеков (пара дзюдо)
Қазақстан қоржынында 2 алтын, 3 күміс, 4 қола бар. Бұл қазақстандық пара-спортшылардың Паралимпиада ойындарындағы ең үздік көрсеткіші.