Жеті жасар пианиношы Биәлі Бикенов «Merci, Maestro» халықаралық байқауынан топ жарды

Қазақ ұлттық өнер университетінің тәрбиеленушісі Биәлі Бикенов Брюссельде өткен жас пианиношылардың «Merci, Maestro!» халықаралық байқауынан «Ең жас орындаушы» номинациясын алды.

20-23 сәуір күндері өткен шығармашылық фестиваль Брюссельдегі П.И.Чайковский атындағы музыкалық мектептің қолдауымен ұйымдастырылды.

Байқауға 28 мемлекеттен 19 жасқа дейінгі 92 жас дарын қатысты.

Бәсеке іріктеу кезеңі мен финалдан тұрды. Бірінші кезеңде жеті жасар Биәлі Бикенов И.Бахтың «Шағын кіріспесін» («Маленькая прелюдия»), М. Мошковскидің «№5-інші Этюдін» және Ғ.Жұбанованың «Аңызын» орындады.

Ал ақтық сында Д.Кабалевскийдің «Сайқымазақтарын» және Л.В.Бетховеннің сонаталарының бірін ұсынды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version