Басты бет24 сәуірдегі...

24 сәуірдегі ауа райына болжам

Атырау  облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, желдің екпіні күндіз 17-22  м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында да желдің екпіні 23 м/с болып, жекелеген аудандарда найзағай күтіледі.

Батыс Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарында, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында, түнде Ақмола облыстарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қызылорда облысында күндіз шаңды дауылмен жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей аймақтарында тұман болады.

Астана қаласында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 9-14 м/с.  Ауаның  температурасы түнде +2+4°С, күндіз +15+17°С болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлт жүріп, жауын-шашынсыз болады. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +9+11°С, күндіз +15+17°С болады.