Каспий теңізі жағалауынан екі ер адам құтқарылды. Бұл туралы ТЖМ хабарлады.
Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында резеңке қайықпен екі ер адам жағалаудан алыстап кетіп, қатты жел салдарынан өз бетінше жағаға шыға алмаған.
ТЖМ жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жастарды тауып алып, жағалауға жеткізді. Олардың жағдайы тұрақты. Медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ, — делінген хабарламада.