ASUS ProArt P16 ноутбугының тиімді функциялары қандай? Моушн-дизайнер Бауыржанның кеңесі

Белсенді өмір салтын ұстанып, бір орында отырмайтын фотограф, видеомонтаж жасайтын маман немесе дизайнер екеніңізді елестетіп көріңізші. Кез келген уақытта, кез келген жерде – қаланың сыртында, түсірілім алаңында, тауда, ұшақта кенеттен шабытыңыз оянып кетті делік. Мұндай кезде құралыңыз бөлмеңізде не кеңсеңізде қалып кеткені қиын. Сондықтан кәсіби маманға жауапты әрі маңызды сәтте жанынан табылатын көмекші құрал қажет. Биыл ASUS ProArt құрылғыларының сериясы жаңа деңгейге көтерілді. Енді олардың ультрамобильді әрі қуатты ноутбуктарын қолдануға болады. Сондай құрылғының бірі ProArt P16 ноутбугын моушн-дизайнер Бауыржан Оразбаев қолданып, сынап көрді. Бүгінгі шолу материалда ол ASUS-тың дәл осы өніміне қатысты жеке тәжірибесін айтып берді.
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

«Миллионнан астам рет қаралатын концепт дайындаймыз»

Есімім – Бауыржан. BAURAZ деген креатив агенттігінің негізін қалағанмын. Біздің компания CGI-ға, VFX-қа және архитектураға бағытталған. Қызметіміздің ерекшелігі – миллионнан астам рет қаралатын сәулет немесе VFX саласында ерекше өнім, концепт дайындау. Біз Яндекс, BI Group, Aport Mall, Halyk Bank, NRG сияқты ірі компаниялармен бірге жұмыс істейміз. Бүгінге дейін ерекше, қызық видеолар, контенттер, жобалар жасап үлгердік.

«ProArt P16 шедевр туындыңды бірден жасауға мүмкіндік береді»

Студиямызда қуатты стационар компьютерлерді қолданамыз. Себебі әдетте көп құрылғы «көтере бермейтін» бағдарламаларды қолданамыз. Қажет кезде видеокарта, SSD, ОЗУ сияқты бөліктерді жеке-жеке сатып алып, оны жетілдіріп отырамыз. Дегенмен онымен тек бір жерде отырып қана жұмыс істеу керек. Ал мен тауға шыққанды ерекше ұнатамын. Тауға шыққанда денем де, миым да тынығып қалады. Тау, таза ауа мен табиғат жаңа күш беріп, шабытымды ашады. Осы күнге дейін жасаған көп идеям дәл сол жерде туды. Сол себепті үнемі өзіммен бірге блокнотымды алып жүремін. Бірақ кейде идеяңды қағазға жазып отырған ыңғайсыз. Ойымдағы идеяңның қаңқасын бірден компьютер арқылы жасағың келіп тұрады. Шедевр туындыларды бірден іске асырған жөн деп ойлаймын. Шығармашылық жолымда осы сияқты кедергілер болмас үшін қуатты ноутбук керек екенін түсіндім.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Бұл жолы тауға ProArt 16 ноутбугын арқалап шықтым. Құрылғы аса жеңіл де, ауыр да емес. Салмағы 1,85 келі екен. Ал қалыңдығы — 14,99 миллиметр. Арқама асқан сөмкеме оңай сыйып кетті. Айтпақшы, дәл осы күні ноутбуктың динамигі де мықты екенін байқадым. Музыканың дыбысы қатты шықты.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

«Қиын алгоритм мен тапсырмаларға күші жетеді»

Мені, яғни моушн-дизайнерді ProArt 16 құрылғысының секундына 80 триллион әрекетті жасай алатын AMD Ryzen™ AI 9 HX 370 процессоры, оның ішінде 50 триллион әрекетті бір мезетте істейтін ХDNA нейропроцессоры және секундына 321 операцияны жасайтын NVIDIA GeForce RTX 40 сериясындағы графикалық видеокартасы таңғалдарды. Ал оператив жады 64 Гб-ға дейін екен.

Бұл цифрлардың несі маңызды? Дәл осы цифрлар қаншалық жоғары болса, соншалық біз сияқты мамандарға құрылғыдан бағдарламалар мен жасанды интеллект функцияларының мүмкіндігін ала аламыз деген сөз. Бұлтқа лақтырып отырмай-ақ, дәл осы ноутбук арқылы қиын деректерді, алгоритмдерді жазуға болады. Бір сөзбен айтқанда, адам ProArt 16 арқылы қиын графикалық эффектілерді, жаңа әрі қызық идеясын оңай іске асырады және оған ноутбугының күші жетеді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

«Ноутбук өзіндегі және миыңдағы ақпаратты жинақы етеді»

Кез келген шығармашыл адам жаңа бір туындысын жасағанға дейін сан түрлі жобаны ойлап, оның ең жақсысын таңдауға тырысады. Композитор әдемі әуен жазу үшін бірнеше мәрте қойын дәптеріне ноталарды жазуы мүмкін. Суретші қағазға 10 рет сурет салып, оны 10 рет жыртып тастауы мүмкін. Дәл сол сияқты, менің, біздің командамыздың сан түрлі идеясы бар. Оның тек ең жақсысы өмірге келеді.

Енді ойлаңызшы, миымызда қаншама ақпарат жатыр? Оны іске асырамыз деп ноутбукты қаншама дерек пен ақпаратқа толтырамыз. Осы тұста жасанды интеллект қызметтері өмірді жеңілдетеді. Мәселен, ProArt 16 ноутбугында Copilot батырмасы бар екен. Оны бір рет басып, құрылғының ішіндегі кез келген қажет деректі лезде тауып алуға болады. StoryCube медиагалереясы да ноутбуктағы және бұлттағы қажет конттентті тез табуға, жіберуге көмектеседі.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Тағы бір күшті құралы – MuseTree деген бағдарламасы. Ол арқылы интернет жоқ жерде де сурет жасауға мүмкіндік бар. Мәселен, әдеттегідей тауда жүрмін делік. Бір сәтке көзіме «серіктесіміздің ғимаратының үстіне қонып тұрған бір үлкен ұшақты елестеттім» дейік. Бағдарламаға ойыңды сипаттап жазсаң, ол бірден оны суретке айналдырып, салып береді. Осылай, ойымдағы нәрсе шамамен қалай болып шығатынын көре аламын. Қысқасы, ProArt 16 ноутбугы өзіндегі және миыңдағы ақпаратты жинақы етеді.

Айтпақшы, ProArt 16 ноутбугын сатып алған адам Adobe Creative Cloud-ты үш ай, CapCut-ты жарты жыл тегін қолдана алады екен. Кез келгенді қуантатын бонус дер едім.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

«Экрандағы әрбір бөлік тірі сияқты көрінеді»

ProArt 16 ноутбугының экраны – 16,0 дюйм, сенсор, жылтырап тұрады. Дисплейі OLED технологиясы бойынша жасалған. Ноутбуктың экраны бейнені, суретті 4000 сапада көрсетеді. Жарығы – 400 кд/м2. Ноутбуктың сипаты осындай екенін көргенімде алдымда кезекті бір қарапайым монитор тұрмағанын түсіндім. Себебі мұндай экран әрбір пиксельді, суреттегі детальді нақты, тірі нәрсе сияқты көрсетеді.

Мен үшін ең, ең, ең маңыздысы – экранның түстерді дұрыс көрсеткені. Себебі юұл — жұмысымның негізгі бөлігінің бірі. Ал ProArt 16 құрылғысының түс гаммасы – 100% DCI-P3 және Delta E < 1. Қарапайым тілмен айтқанда, ойымдағы идеяны, жұмысты қалай елестетсем, экраннан тура солай көре аламын деген сөз. Бұл жүйкеңді жұқартпайтын, уақытыңды үнемдейтін, одан әрі мотивация беретін өте қажет артықшылық дер едім.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Серіктестермен келісуге, жұмысымды презентациялауға ProArt 16 ноутбугымен қорықпай баруға болады. Себебі бұл құрылғы өнімімізді анық, қанық етіп көрсетеді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

«DialPad командамның бір мүшесі сияқты»

Ноутбукта DialPad қызметі бар. Ол ноутбуктан орын алып тұратын немесе құрылғымен бірге тасып жүретін қосымша бөлік емес. Ол жай ғана тачпадта орналасқан. Оны қажет кезде қосып-өшіруге болады. DialPad жеке көмекшің немесе командаңның бір мүшесі сияқты. Бір-екі рат бассаң, бағдарламаның барлық құрал-жабдығын алдыңа шығарып береді. Соның арқасында сәл болса да уақыт үнемдейсің.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

«Сапалы стилус пен дизайнердің қолы бір бүтінге айналады»

Өз басым, стилусқа ақша үнемдеуге болмайды деп ойлаймын. Себебі эскизді, суретті сол арқылы саламыз. Ал салған әр сызбамыздың қалыңдығы, нүктесі, көрінісі маңызды. Суретті қалағаныңдай етіп бейнелеу үшін сапалы стилус қажет. ProArt P16 стилусы қолға ұстағанға ыңғайлы. Онымен ұзақ уақыт жұмыс істеуге болады. Қатты бассаң, қалың етіп, ал сәл бассаң, жіңішке етіп сызып береді. Мұндай сапалы стилус пен дизайнердің қолы бір бүтінге айналады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

«Желдеткіші құрылғыны тез суытады»

Құрылғының ойынға арналған ноутбуктардағыдай үш желдеткіші бар. Ал әдетте ойын ноутбуктарына ең қуатты желдеткіштер орнатылады. Шынымен де, желдеткіш қатты істейді, ноутбукты тез суытады. Сондықтан ProArt P16 желдеткішіне күмән келтірудің қажеті жоқ.

«Уақытқа қарамай жұмыс істеймін, сол себепті қуаты ұзаққа жететін құрылғы керек»

Шығармашыл адамдар уақытқа қарамай жұмыс істей береді. Шабытың түнде ашылып тұрса, таңға дейін сурет салуға, эскиз сызуға, монтаж жасауға болады. Тоқ көзі жоқ жерде де шаруаң шығып қалуы мүмкін. Осындай кезде қуаты ұзаққа жететін құрылғы қажет. ProArt P16 ноутбугының қуаты 20 сағатқа жетеді екен. Батареясының сыйымдылығы – сағатына 90 Вт. Қуаттағышы батареяны 49 минутқа 60%-ке дейін толтырып береді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

«Ең қажет жалғағыштар бар»

Маған ноутбуктың екі USB-A портының бар екені ұнады: флешканы, тінтуірді немесе тағы басқасын қажет кезде қоса аласың. HDMI арқылы ноутбукты үлкен мониторға, проекторға жалғап, әріптестермен, серіктестерімізбен жобаны ортақ талқылап, кем-кетігін түзеуге болады. Ал USB Type-C – қазіргі уақытта ең қажет және ыңғайлы жалғағыш. Фото және видеомен жұмыс істейтін адамдардың ноутбугында карт-ридер SD Express болғаны тиімді.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Бауыржанның пікіріне қарап, ProArt P16 ноутбугының мынадай артықшылықтарын атауға болады:

  • экраны сапалы;
  • процессоры мен видеокартасы мықты;
  • стилусы суретті жақсы салады әрі қолға ұстағанға ыңғайлы;
  • жасанды интеллект элементтері бар;
  • жалғағыштары көп;
  • қуаты ұзаққа жетеді;
  • желдеткіші жақсы істейді.