Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 480-485 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 6 қыркүйекке арналған ресми бағамы – 1 долларға 482,94 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,35 теңге. Еуро – 535,97.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 482,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 484,3 теңге. Еуро 534–538 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана бойынша долларды сату бағамы – 480 теңге, сатып алу құны – 485 теңге. Еуро 532 теңгеден сатылып, 538 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,25-5,37 аралығында саудаланып жатыр.