Қазақстандық турист Малайзияда суға батып кетті. Бұл туралы The Star басылымы хабарлады.
Басылымның мәліметінше, Кота-Кинабалу өрт сөндіру қызметі құтқару операциясын жүргізіп жатыр. Оған жеті адам кірісті.
Әзірге ер адамның тірі немесе қаза болғаны белгісіз.
Оқиға орнына Туаран өрт сөндіру бөлімшесінен жеті құтқарушы келді. Курорттан 12 шақырым жерде орналасқан стансаға бейсенбі, 5 қыркүйек күні жергілікті уақыт бойынша 08.19-да шұғыл қоңырау түскен, — делінген хабарламада.
Ер адамның жүзе білетіні және оқиғаның нақты қандай жағдайларға байланысты болғаны әзірге нақтыланған жоқ.