Рысқұлов-Жансүгіров жолайырығының учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлады.
5 қыркүйек сағат 23.00-ден 7 қыркүйек сағат 11.00-ге дейін Рысқұлов даңғылынан Жансүгіров көшесіне дейінгі оңтүстікке бұрылыс пен Жансүгіров көшесінен Рысқұлов даңғылына дейінгі солтүстікке бұрылатын жолда қозғалыс жабылады, — делінген хабарламада.
Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз.
Еске салайық, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сонымен қатар 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.