Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 480-485 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 3 қыркүйекке арналған ресми бағамы — 1 долларға 482,53 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,41 теңге. Еуро — 533,77
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 482,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 484 теңге. Еуро 533,5—535,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 480 теңге, сатып алу құны — 485 теңге. Еуро 530 теңгеден сатылып, 536 теңгеден сатып алынады.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,23-5,38 аралығында саудаланып жатыр.