Басты бетЖаңалықтарАстана мешітінде...

Астана мешітінде белгісіз біреу келушілерге пышақ сілтеген

Астанадағы мешіттердің бірінде белгісіз адам келушілерді пышақпен қорқытқан. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Оқиға туралы ақпарат 102-арнасына түскен. Қаладағы мешіттердің бірінде белгісіз адам келушілерді пышақпен қорқытып жүргенін айтқан.

Оқиға орнына полиция жасағы дереу келді. 36 жастағы күдікті жедел түрде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Одан қолдан жасалған пышақ тәркіленді. Тексеру барысында ұсталған адамның 2006 жылдан бастап психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталды, — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.