Басты бет Жаңалықтар Apple компаниясы қалдықтардан техника құрастырмақ

Apple компаниясы қалдықтардан техника құрастырмақ

Компания қалдық шикізаттан құрылғы жасайтын өндірісін іске қоспақ. Олар қазірдің өзінде басқа компаниялардан қалдық қабылдап жатыр.

©Inform.kz

Компания Renew бағдарламасы аясында сатып алушылар өздерінің ескі құрылғыларын өткізе алады. Олар смартфондарды сұрыптап, компонеттерін бөлшектеп отыратын Liam бағдарламасын іске қосқан. Қазір осындай екі конвейер жұмысын бастаған. Әрқайсы жылына 2,4 млн құрылғыны өңдей алады.

Apple бұл қалдықтардан смартфондарға, компьютерлерге қажетті компоненттерді жасап шығармақ. Сонымен қатар қалдықтар құрамындағы мыс пен қалайыны, қымбат металдарды шығарып алады.

Тағы бір мақсат — компанияның жеткізуші зауыттарындағы қалдықтарды азайту. 2015 жылы компания өнеркәсіптік қалдықтарын 240 тоннаға азайтқан.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version