Басты бетЖаңалықтарПаралимпиада-2024: бүгін...

Паралимпиада-2024: бүгін қазақстандық спортшылар екі спорт түрінен сайысқа түседі

Бүгін, 29 тамызда 2024 жылғы Парижде өтіп жатқан паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар екі сайыс түрінен жарыс жолына шығады.

Алдымен 13:20-да паратаэквондодан Милана Кравцева ел намысын қорғайды.

Ал 20:00-де волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Франциямен кездеседі.

Қазақстан құрамасының спортшылары Париж паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды. Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.

Париж паралимпиадасына волейболды отырып ойнаудан ұлттық құрама 28 жылдан кейін алғаш рет қатыспақ. Ал пара үстел теннисінен Қазақстан құрамасы биыл алғаш рет паралимпиада жолдамасын жеңіп алды.

Жарыс 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.