Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның көп...

Қазақстанның көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады

«Қазгидромет» РМК ел аумағында 28 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады.

Фронтальды бөлімдердің өтуімен Қазақстанның көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады. Найзағай, бұршақ, дауылмен бірге жаңбыр жауып, түнде елдің орталығында қатты жауын жауады.

Республиканың батысында, оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіліп, елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болып, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.

Абай, Ұлытау облыстарында, Батыс Қазақстан облысының батысында, орталығында, Атырау облысының орталығында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының орталығында, Қызылорда облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Жетісу облысының солтүстік жартысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының батысында жоғары өрт қаупі сақталады, — деп жазды синоптиктер.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.