Астанада Тұран мен Сығанақ қиылысында автобус жаяу жүргіншіні соғып кетті. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.
Оқиға бүгін болған.
Автобус жүргізушісі Сығанақ көшесімен жүріп, Тұран даңғылына оңға бұрылу кезінде жолды реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелімен кесіп өткен жаяу жүргіншіні соққан. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды, — делінген хабарламада.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажет сараптамалар тағайындалды.