Басты бетЖаңалықтарАлматыда тозығы...

Алматыда тозығы жеткен құбыр ауыстырылды

Алматыда 33 жыл бойы пайдаланылып келе жатқан құбыр ауыстырылды. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматыда 1991 жылдан бері қолданысқа берілген екі шақырымға жуық құбыр жаңартылды.

Абай даңғылы мен Саин көшесінің батыс бағытындағы бұл құбыр 406 көппәтерлі және 105 жеке тұрғын үйді, төрт балабақшаны, бір денсаулық сақтау нысанын және алты өзге де нысанды жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етеді.

Жаңарту кезінде көрсетілген аумақтағы тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылған жоқ. Барлық жұмыс мерзімінде аяқталды, аталған учаскедегі автокөлік қозғалысы қалпына келтірілді, — деп атап өтті қалалық әкімдіктен.

Қалада биыл 20 км жылу желілерін қайта жаңарту көзделген. Алматының алты ауданында жылуаралық кезеңге жоспарланған қайта жаңарту бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Оның негізгі бөлігі аяқталып қалды.