Елорда тұрғыны мопед рулін басқара алмай КамАз-ға соғылған. Бұл туралы Астана қалалық полиция департаменті хабарлады.
25 тамызда сағат 21.14 шамасында мопед жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылынан Ақмешіт көшесіне қарай Сарайшық көшесімен келе жатып, рульді басқара алмай, тұрған «КамАЗ» автокөлігіне соқты. Апат салдарынан мопед жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды, — делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр.