ТЖМ құтқарушылары осы демалыста екі өңірде пішеннен шыққан алапат өртпен арпалысты.
Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарында жеке тұрғын үйдің аумағында жалпы 1 200 шаршы метр алаңда құрғақ шөп және қоймаға жиналған 26 тонна пішен отқа оранды.
Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекетінің арқасында екі өрт те дер кезінде сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.