“Қазгидромет” мамандары 26 тамызға арналған күн райы болжамын жариялады.
26-28 тамызда Атырау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.
26 тамызда Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман болуы мүмкін.
Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнауы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18 м/с. болатын жел соғады. Облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі бар.
Ақтөбе облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.
Күндіз Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнауы мүмкін. Түнде және таңертең облыстың солтүстігіне, шығысына, орталығына тұман түседі. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі бар.
Астана қаласында 26 тамызда найзағай ойнауы мүмкін.
Ұлытау облысының солтүстігіне түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
26 тамызда таңертең және күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде соғатын желдің екпіні — 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі бар, облыстың батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Күндіз Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың тау асуларында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20 м/с. Шымкент қ.: 26 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні — 15- 20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі бар.
Батыс Қазақстан облысының батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі бар, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі бар.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнауы мүмкңн. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігіне тұман түсуі мүмкін.
Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с болуы мүмкін. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.