Қасқырды көлікпен басып, қинағандар Маңғыстау облысының тұрғындары ұсталды

Қасқырды көлікпен басып, қинағандар жайлы видео Интернетте 7 қаңтарда жарияланған еді. WhatsApp мессенджері арқылы редакциямызға жолданған видеода бірнеше ер адамның ашық далада қасқырды ұстағаны бейнеленген. Бастапқыда олар жыртқыш аңды көлікпен басып, кейін басынан тепкілеп, ұрғылайды. Видеоның аяқ жағында ер адамдар қасқырды байлауға кіріседі. Оқиғаның қалай аяқталғаны жайлы мәлімет жоқ. Роликке қатысты жазылған пікірлердің арасында оқиғаның Ақтөбе облысында болғаны айтылады.

Ескерту! Роликте зорлық белгілері бар!

Осы оқиғадан кейін Маңғыстау облысы ІІД башысы барлық деректі тексеріп, қылмыстың жасалған уақыты мен қасқырды қинағандарды табуды тапсырды. Тексеру барысында УАЗ маркалы автомобильдің Сай-Өтес ауылының 1985 жылғы тұрғынына тиесілі екені анықталды. Видеодан оның 1977 жылғы ауылдасын да көруге болады. Қасқырды қинағандарға қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің «Жануарларға олардың өлуiне немесе мертiгуiне әкеп соққан қатыгездiк жасау» бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Дерек Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.

Еске сала кетейік, Қазнетті дүр сілкіндірген видеоның жалғасы 11 қаңтарда жарияланды. Кадрларда белгісіз ер адамдардың жеке үйлердің бірінің ауласында қасқырды қинап жатқаны бейнеленген. Аңшылар қасқырдың азуын матап байлайды. Кейін жыртқыш аңның мойнына жіп байлап, оған түрлі бұйрықтар береді.

Дереккөзtengrinews.kz