Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Astana LRT ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіні хабарлады.
Astana LRT ЖШС-ның бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Арданға жиналған дәлелдерге байланысты қылмыстық-процестік кодексінің 208-бабы 1-бөлігіне сәйкес жауап алуға шақырылады.
Талғат Ардан 2024 жылы 23 тамызда сағат 09:00-де Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы 19, «Б» блогы мекенжайында орналасқан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің әкімшілік ғимаратына жедел-тергеу тобының басшысы Ж. Өтепқалиевке келуі қажет, — деп хабарлады Антикор.