Ozon 2024 жылдың 2 тоқсанындағы аудиттелмеген қаржылық нәтижелерін жариялайды. Қызметтерді қоса алғанда, Ozon айналымы (GMV) жылына 70%-ға өсіп, 3,4 трлн теңгеден асты. Сол кезеңдегі Ozon Қазақстан айналымының одан әрі қарқынды өсуін көруге болады ‒ көрсеткіш өткен жылдың 2-тоқсанының нәтижелерімен салыстырғанда 6,5 есе ұлғайды.
Платформаны дамытуға салынған инвестицияларға, сондай-ақ жалпы ауданы 2,8 млн шаршы метрге жеткен логистикалық инфрақұрылымның кеңеюіне байланысты жоғары көрсеткіштерге қол жеткізілді. Қазір компанияның логистикалық қуаттылығы республикада 2 фулфилмент-орталықты және Алматы мен Астанада 2 сұрыптау орталығын, сондай-ақ Қостанай, Ақтөбе, Атырау және Шымкентте 4 сұрыптау орталығын қамтиды. Платформаның бүкіл ел бойынша тапсырыстарды беру пункттерінің саны 15 есе өсті.
ҚР-дағы сатып алушылар саны 2023 жылдың 2-тоқсанының нәтижелерімен салыстырғанда 6 есе өсті. Компания өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8 есе көп тапсырыстарды жеткізді.
Компанияның кірісі негізінен жарнамалық және қаржылық қызметтерді белсенді дамыту есебінен жылына 31%-ға өсті. 2024 жылдың екінші тоқсанындағы жалпы пайда 2023 жылдың екінші тоқсанына қарағанда 59%-ға артып, 83 млрд теңгені құрады. Компания операциялық тиімділікті арттыруды жалғастыруда: ағымдағы жылдың екінші тоқсанындағы операциялық шығыстардың үлесі 2023 жылғы 4,9%-бен салыстырғанда 4,5%-ға дейін төмендеді.
Еске салайық, Ozon-нан тауар алып кететін пунктті қалай ашуға болатын жазған едік.