Райымбек-Момышұлы жолайырығының аумағына орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.
Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.
20 тамыз сағат 23.00-ден 22 тамыз сағат 11.00-ге дейін Момышұлы көшесінде Төле би көшесінен Талдыарал көшесіне дейінгі эстакадада, сонымен қатар оған бұрылатын және одан шығатын жол жабылады.
Бұл аумақты Төле би, Ақсай 1-А, Саин, Еспаев, Сухамбаев-Доспанов көшелері арқылы айналып өтуге болады.
Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады. Маршрутыңызды алдын ала жоспарлап алуыңызды сұраймыз.