Басты бетЖаңалықтарПрезидент Астанадағы...

Президент Астанадағы бірқатар жаңа мектепті аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған жаңа білім ошақтарына барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекет басшысы Астананың Есіл ауданындағы №103 мектепке барып, заманауи құрылғылармен жабдықталған оқу кабинеттерін аралап көрді. 

Президентке оқу-тәрбие жұмыстарына қолайлы жағдай жасау жаңа мектептердің басты ерекшелігі екені айтылды. Білім ордасының аумағы мен ғимарат ішінде оқушылардың қауіпсіздігі толықтай қамтамасыз етілген. Ол үшін бейнебақылау жүйесі орнатылған.

Бастауыш және жоғары класс оқушылары жеке-жеке блоктарда білім алады, ерекше қажеттіліктері бар балаларға тиісті жағдай жасалған.

Қазіргі кезде мектептің ішкі әрлеу жұмыстары аяқталып қалды. Сонымен қатар жиһаздар мен құрал-жабдықтар орнатылып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.