Доллар мен рубльдің 19 тамызға арналған бағамы белгіленді

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 477-481 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 19 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 478,91 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,38теңге. Еуро — 526,42.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 477,80 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 479,68 теңге. Еуро 524,92—528,77 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша сату бағамы — 477,02 теңге, сатып алу құны — 481 теңге. Еуро 523,01 теңгеден сатылып, 528, 08 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,38-5,45 аралығында саудаланып жатыр.